Ел жаңалықтары

«Балаларды сағындық»: Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (ВИДЕО)

  • «Балаларды сағындық»: Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (ВИДЕО)

    «Балаларды сағындық»: Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (ВИДЕО)

Қарттар үйіне қайырымдылық жасауға барған жігіттер сонда тұрып жатқан үлкен кісілерді бір серпілтіп тастады. Желіде тараған видеода жігіттер қарттарға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Балаша қуанған қарттар қайырымды жандарға батасын беріп, алғысын жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Tik-Tok-та Бота есімді желі қолданушысы әсерлі видео жария етті. Онда қайырымды істермен айналысатын жастар қарттар үйіндегі қарияларға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Қариялардың бірі қал-жағдай сұрасқанда жігіттерге ауылға қайтқысы келетінін айтып қалған. 

«Қайтқым келіп жатыр еді ауылға, балаларды сағындық», - дейді әжей. 

Бұл сөз желі қолданушыларының көзіне жас үйірді. 

«Жүрегім ауырып кетті ғой, баламды сағындым дегенде», «Көзіме жас келді ғой, неге ата-аналарын тастап кетеді екен қарттар үйіне», «Жаным апам, баласын сағыныпты», - деп жазды пікірге желі қолданушылары.

Есімдері белгісіз бір топ жігіт қарттарға сыйлыққа әкелген тәпішкесін өз қолдарымен кигізіп берді. Балаша қуанған қариялар жігіттерге алғысын жаудырды. 

«Дәп-дәл, ой рақмет, балам», - дейді аяқ киімді киіп өлшеп көрген қариялардың бірі. 

Қайырымды жандарға желі қолданушылары да ізгі тілектерін жаудырды. 

«Алла разы болсын жігіттерге, бала сияқты қуанып отыр бәрі. Ата-анасын тастап кеткен адамдардан сақтасын», «Жақсылығыңыз Алладан қайтсын», «Алла разы болсын, көзіме жас келді! Жарайсыңдар, бауырлар, сендер сияқты жақсылық жасайтын адамдар көп болсын!», «Сіздің жанұяңызға бақ-береке тілеймін! Әлемдегі бар жақсылықты нәсіп етсін!», - деп жазды желі қолданушылары. 




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 15:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31