Ел жаңалықтары

Балам судорга беріп жатқанда, қарамай қойды: Ақтөбе облысының тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

  • Балам судорга беріп жатқанда, қарамай қойды: Ақтөбе облысының тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

    Балам судорга беріп жатқанда, қарамай қойды: Ақтөбе облысының тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны науқас баласын емдейтін дәрігер таппай, денсаулық сақтау министріне шағымданды, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Ерболат Шандин аудандық аурухананың жағдайын көрсетіп,  видео түсірген. Онда емдеу мекемесінде дәрігерлерді ұзақ іздегенін, ем алушыларға жағдай мүлдем жасалмағанын баяндайды.   

 
"Баламызды әкелдік, міне 1 сағат өтті. Балалар дәрігері келуден бас тартты, екінші врачты итпен әйтеуір үйтіп-бүйтіп алдырттық. Бала судорога ұстап жатқан уақытта балалар дәрігері неге келуден бас тартты? Сосын аурухана мұндай болуы тиіс пе? Мына жерде ауруларды қабылдау дұрыс па?”, – дейді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар   тұрғынның шағымы негізсіз дейді. Басқарма басшысының орынбасары  Айгүл Күштаеваның айтуынша, науқас балаға кезекші дәрігер тиісті медициналық көмек көрсеткен. Ата-анасының қалауымен бала Ақтөбедегі инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Қазір жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтыру диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ал, аудандық ауруханадағы жөндеу жоспарға сай жүргізілуде. Бөлімшелер кезегімен жөндеуге жабылғанымен, науқастарды қабылдау жалғасып жатыр, деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.   

"Бұл кезде емдеу мекемесінде жөндеу жұмысы жүріп жатқан кезде аурухананың басқа жағынан кіретін есігі болуы керек. Қай жақтан келгенін білмеймін ол кісінің, видеода көрсеткендей, жөндеу жұмысы жүріп жатқан есіктен кірген болуы керек. Сондықтан, осындай түсінбеушілік жағдай орын алған”, – облыстық денсулықсақтау басқармасының орынбасары Айгүл Күштаева.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 01:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30