Балқаш маңында «Екатеринбург - Алматы» жолы жабылды
Балқаш маңында «Екатеринбург - Алматы» жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Қазақавтожол» компаниясының мәліметі бойынша 28 қарашада сағат 21:20-де ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қатты жел) жүк және қоғамдық автокөлік түрлеріне «Екатеринбург - Алматы» а/ж учаскесінде (1854 - 2005 км, Балқаш қ. &ndash Жамбыл облысының шекарасы) қозғалыс шектетілді.
 
Еске сала кетсек, сағат 13:20-да Түлкібас ауданында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар а/ж учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды (593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы-Машат асуы).