Ел жаңалықтары

«Банкет залдары, караокелер жұмысы қайта жанданады»: бас санитардың жаңа қаулысы шықты

  • «Банкет залдары, караокелер жұмысы қайта жанданады»: бас санитардың жаңа қаулысы шықты

    «Банкет залдары, караокелер жұмысы қайта жанданады»: бас санитардың жаңа қаулысы шықты

 Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, океанариум мен банкет залдары және караокелер қызметінің қайта жандануына рұқста берілді. Сондай-ақ, көрермендердің тамашалауымен спорттық шараларға рұқсат етілді деп жазды Sputnik.kz.

Бірақ құжатта тізімдегіден басқа да нысандар Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істей алатындығы атап көрсетілген.

Қаулы 2021 жылғы 7 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ashyq арқылы қандай нысандар жұмыс істейді:

фитнес-клубтар, оның ішінде йога орталықтары;
СПА орталықтары, сауналар, бассейндер;
компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа толмаған адамдардан басқа);
боулинг клубтары;
кинотеатрлар, театрлар және филармониялар;
банкет залдарын, асхана типтес объектілерді, фастфудтарды, көшедегі тағамдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындары;
аймақаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
ерікті қатысушылар;
караоке;
банкет залдары;
көрмелер;
океанариум;
көрермендердің қатысуымен марафондар, спорттық шаралар.
Марафондарды (ашық ауада) 30 адамнан аспайтын жағдайда өткізуге рұқсат етіледі. Ал көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға тек Ashyq қосымшасын қолдану арқылы кәсіпкерлік субъектілердің толу коэффициенті 20%-тен аспауы тиіс. Бұл ретте ұйымдастырушылар күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды қатаң сақтауы керек.

Сауда орталықтарының жұмыс уақыты қалай өзгерді

Сауда орталығы келушілерді сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қабылдай алады. Вакцинация пункттері орнатылған жерлерде – жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін.

Вакцинадан кейін кеңсеге кімдер бара алады

Құжатта айтылғандай, егер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцина егілсе, онда нысан қызметі қашықтағы және толық жұмыс күнінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің пайыздық мөлшерлемесіне қойылатын талаптарды ескермей жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Сабақ 19 маусымға дейін болады: Аймағамбетов жазғы мектеп қалай жұмыс істейтінін айтты

Сонымен бірге, COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және соңғы алты айда COVID-19-дан айыққан барлық қызметкерлерге толық күндік жұмысқа рұқсат етіледі.

Қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

Жұмыс күндері мен сенбі күндері қалалық қоғамдық көліктер штат кестесі бойынша жұмыс істейді, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30