Түркістан облысында егістік алқаптары су тапшылығының салдарынан қурап жатыр. Шаруалар бәріне шенеуніктер мен су жинайтын компанияның өкілдерін кінәлайды. Алайда олардың өз уәждері бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Міне қараңыз, бұл баялды. Біз селитра сеуіп үлгердік, жер құрғап кеткен, баялды солып бара жатыр. Шенеуніктердің қателігінен мұның құны көк тиын болды. Әкімдер мен су шаруашылығы басшыларының кесірінен. Себебі олар Түркістанға су жіберу қажет деп ойлайтындықтан, арнаны үнемі ашып қояды", - деп шағымданады жер иесі Хикматулла Саидназаров.
Хикматулла Саидназаров биылғы жылы жалға алған алқапқа картоп егіп, екінші егіс ретінде 600 мың теңгеге баялды егуді ұйғарған. Бірақ суару кезіндегі үзілістер үлкен жоспарлардың күл-талқанын шығарған. Хикматулла қазір қарызын қалай өтейтінін білмей дал. Дәл осындай жағдайға тап болған Сайрам өңірінде жүздеген шаруа бар. Бес күндік суару ақысын бірден төлейтінін айтқан олар, арнадан судың тек тамшысын ғана алатындарын айтады.
"Мен 25 күн бұрын қияр отырғыздым. Егер су уақытылы келіп тұрғанда егінді 10 күнде жинап алар едім. Бірақ, бәрі құрдымға кетті, мен банкрот болдым, енді отбасымды қалай асырарымды білмеймін. 10 күн бойы егістікте су болмады. Кеше берді, бірақ бір сағаттан кейін қайта өшіріп тастады", - дейді дихан Ырыстай Мирзаев.
Ауыл тұрғындары суару кестесі тек қағаз жүзінде ғана бар екенін айтып, шағымданады. Бірақ іс жүзінде судың арнасын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері өз қалауы бойынша ашып-жабады екен. Сумен жабдықтау ұйымының директоры болса мұнымен келіспейді, барлығы кесте бойынша қатаң түрде атқарылып жатыр деп сендіреді ол. Ал су тапшылығының себебі өзендегі судың аздығына байланысты.
"17 шілдеде қатты аптап ыстықтан кейін тауларда қар еріп кетті. Судың басқа көзі жоқ. Салдарынан су мөлшері 8,5 текше метрге азайды. Егер кесте бойынша жұмыс жасамасақ, су шаруалардың ешқайсысына жетпейді", - деп түсіндірді "АҚСУ" МКҚК директоры Мамуржон Шадиев.
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары мұны тексеріп, кінәлілер анықталса, оларды жазалауға уәде берді. Ал судың барлығы Түркістандағы су қоймасына кетеді деген халық арасындағы күдікке бұл жұмыстар тоқтатылды, деп жауап берді.
"Қазір міне, бөгет бар, Түркістанға су жібермейміз. Судың барлығы шаруа қожалықтарына бағытталады", - деп сендірді Шухрат Убайдуллаев.
Оның айтуынша, Түркістанға су беру маусым айынан бері тоқтап, су азая бастаған кезде арна толық жабылған.
Билік басындағылар осыдан бірнеше жыл бұрын Ақсу өзенінде секундына 20 текше метр өткізуге жеткілікті су болғанын алға тартады. Алайда оңтүстікте 45 градустан жоғары аптап ыстықтан су деңгейі күрт төмендей бастаған. Сондықтан кесте – мәселені шешудің жалғыз жолы болып тұр.