Ел жаңалықтары

Барлық облыс «жасыл» аймаққа енсе, студенттер офлайн білім алуы мүмкін

  • Барлық облыс «жасыл» аймаққа енсе, студенттер офлайн білім алуы мүмкін

    Барлық облыс «жасыл» аймаққа енсе, студенттер офлайн білім алуы мүмкін

ДСМ-нің болжамдарының пессимистік сценарий бойынша, наурыз айында КВИ сырқаттанушылық деңгейі артуы мүмкін болған. Бірақ бұл болжам болған жоқ. Енді балалар мектепке орала ма? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Нұршай Әзімбаева тілшілердің осындай сұрағына жауап берді.

 «Бүгінде вирус жұқтырғандар саны азайып отыр. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Осыған орай бұл мәселе қайта қаралады. Наурыз айындағы эпидемиологиялық жағдайға, сырқаттанушылық деңгейінің өсіп-өршуіне байланысты басқа шаралар қабылдануы мүмкін», - деді Н. Әзімбаева.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйектен осы күнге дейін офлайн түрде оқитын оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 2583 жағдай, онлайн оқитын балалар арасында 6089 жағдай тіркелген. Спикердің айтуынша, еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта болған жағдайда, студенттер офлайн білім алуға ауысуы мүмкін.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 02:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30