Ел жаңалықтары

Барыс Арена карантинге жабылды

  • Барыс Арена карантинге жабылды

    Барыс Арена карантинге жабылды

Елордадағы «Барыс Арена» мұз айдыны коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Барыс» 17 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасында алдағы бірнеше ойынның кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. Оған себеп команда ойыншыларынан коронавирустың анықталуы болды.

ҚХЛ ақпараты бойынша, командада 12 адам вирус жұқтырып алған.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Барыс Арена» алдағы сенбі, яғни 26 қыркүйекке дейін жабылған. Мұз айдынында барлық жаттығулар тоқтатылған. Клубтың қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ олар қазір қашықтықтан жұмыс істеуде.

Нұр-Сұлтан қаласында «Барыс» алдағы ойынын 4 қазан күні өткізуі керек еді. Бірақ бұл ойын кейінге шегерілді.


BAQ.KZ




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 08:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31