Ел жаңалықтары

Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

  • Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

    Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

Қазақстанның бас прокуратурасы ел тұрғындарына үндеу жасап, рұқсат етілмеген әртүрлі митингтерге қатыспауға, өткізу ережелерін сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы орган шетелдегі адамдар Қазақстан азаматтарын заңсыз митингіге қатысуға арандатуды жалғастырып жатқанын айтты.

Аталған адамдар осындай әрекеттерімен елдің заңын бұзып отырғаны атап өтілді.

Ведомство митингке рұқсат алу үшін азаматтар әкімдікке алдын-ала, дәлірек 10 күн бұрын өтініш беруі керек екенін еске салды.

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін митингіге қатысуға шақыруға немесе ол туралы ақпаратты таратуға тыйым салынатынын атап өткен жөн.

Сонымен, Бас прокуратура 16 желтоқсанда болжалды митинг ұйымдастырушылардың заңды өрескел бұзатындығын атап өтті.

Егер бұл адамдардың іс-әрекеттері адам құқықтарына айтарлықтай зиян келтірсе, олар Қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады.




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.12.2019, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30