Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бас прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты Қазақстанға шақырды

26 шілде 2022, 16:18

Бас прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың Қазақстанға келуі туралы келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 10 ақпанынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті қырғыз джазмені Викрам Рузахуновқа қатысты азаптауды қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған азаптаулар") бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

19 ақпанда Рузахуновты тергеу органы жәбірленуші деп таныды.

 

"Қазір іс бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы Полиция департаменті, ҰҚК ШҚ қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынды, алайда бірқатар себепке байланысты күдіктілерді анықтау әзірге мүмкін емес (бейнежазбалар, келушілер мен жеткізілген адамдарды тіркеу журналдары жоқ, барлық қызметкер бетперде киген, оның ішінде медициналық бетперде кигендер де болған)", - деді Бас прокуратура өкілдері.

 

Сондай-ақ, облыстық Полиция департаментінен Рузахуновтың оқиғасына қатысы бар барлық қызметкердің суреті талап етілгені белгілі болды.

 

"Рузахунов қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бірнеше рет тергеу органына шақырылды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, елге келуі туралы келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді Қазақстанның Бас прокуратурасы өкілдері.

 

Соталды тергеу жалғасып жатыр және Алматы облысы прокуратурасының бақылауында.

 

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде музыкант Алматы облысында ұсталған болатын. Ол Қырғызстанға бет алған. Рузахуновтың өкінетінін айтып, кешірім сұраған видосы тарады. Бостандыққа шыққаннан кейін Викрам Рузахунов қысым мен соққыға жығылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, салдарынан ол ауыр дене жарақатын алған, бұл сараптама қорытындысымен дәлелденген.