Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бас прокуратура өкілі Әблязовті экстрадициялау туралы айтты

21 желтоқсан 2022, 14:40

Бас прокуратура өкілі Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевке Қазақстан бұрынғы банкирді қайтара ма деген сұрақ қойды.

 

"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Біріншіден, банк қаражатын ұрлауға қатысы бар. Екіншісі Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін сұрау хаттарымыз Францияның тиісті экстрадициялау органдарына жіберілді. Хаттар бақылауымызда", - деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.

 

Оның айтуынша, қарастыру кезеңі әртүрлі. "Қазақстан Мұхтар Әблязовті экстрадициялаумен айналысып жатыр ма" деген сұраққа Жандос Өмірәлиев: "Әрине, бұл жұмыс тоқтамайды. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп жауап берді.