Бас прокуратура Тасмағамбетовке қатысты шыққан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

12 наурыз 2022, 15:13

Бас прокуратура әлеуметтік желіде Иманғали Тасмағамбетовке байланысты шыққан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобының И.Н.Тасмағамбетовке қатысты «Astana LRT» ЖШС-де қаржы жымқыруға қатысы бар фактісі бойынша тексеру жүргізгені туралы хабарлама тарап жатыр. Бас прокуратура бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Біз азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабаламада.


BAQ.KZ