ҚР Бас прокуроры қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық басшылық құрамы тұтқындалғанына қарамастан Тұңғыш президенттің немере інісі Самат Әбіштің неге ұсталмағанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі кезде Самат Әбішке қатысты ешқандай дәлел жоқ. Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің сан алуан бабы бойынша айып тағылып отыр», — деді Берік Асылов.