Ел жаңалықтары

«Басқа амал қалмады»: Қызылорда облысының тұрғындары көмір орнына малдың тезегін жағып жылынып отыр

  • «Басқа амал қалмады»: Қызылорда облысының тұрғындары көмір орнына малдың тезегін жағып жылынып отыр

    «Басқа амал қалмады»: Қызылорда облысының тұрғындары көмір орнына малдың тезегін жағып жылынып отыр

Қызылорда қаласына қарасты Сексеуіл кентінің тұрғындары көмріге қол жеткізе алмай келеді. Амалы таусылған халық малдың тезегін жағып жылынуға мәжбүр деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

11 мың тұрғыны бар елдімекенге қатты отын биыл тиісті мөлшерде жеткізілмеген. Мәселен, былтыр Сексуілге 153 вагон көмір жеткізілсе, биыл тасымалдаушылар небәрі 64 вагон көмір әкеліпті.

Ауылға көмір келді дегенді естіген Набат Әленова​ арбасын алып қоймаға асыққан. 65 жастағы зейнеткер көлікпен тонналап отын алу мүмкін емес дейді. Қатты суықта үйді жылыту үшін кейуана осылайша көмірдің қалдығын жинауға мәжбүр.

«Көмірді ақшасына ала алмай жатырмыз. Сол үшін жерді тырмалап жатырмыз, басқа амалымыз таусылды. Осы тұрғанда жерде құмалақ та қалмады, бәрін жағып біттік. Енді не жағарымызды білмейміз», - дейді Сексеуіл тұрғыны Аабат Әленова.

Көмір алу үшін Сексеулдіктер арнайы тізім арқылы кезекке тұрады екен. Алайда, көмір күнделікті келмеген соң кезек​ еш жылжымайды дейді тұрғындар. Мүлдем отынсыз қалған ауыл тұрғындары бір-бірінен көмірді қарызға алуды әдетке айналдырған.

«Көршілерден шелектеп алып болдық. Енді оларға беретін көміріміз жоқ, қарыздар болып жатырмыз. Мынау қалай болады? Келіп тұрған вагонға кезегіміз жеткенше таусылып кетіп жатыр», - дейді Қанипа Жұбанышева есімді тұрғын.

Бүгін қоймаға бір-ақ вагон ғана көмір келіпті. Сол себепті бір отбасыға​ тек бір-ақ шөміш сатылып жатыр. Ауыл әкімі болса өзіне шаң жуытпады, мұның бәрі кәсіпкерлердің кінәсі дегенді айтады.

«Бізде Сексеуілде осы көмірмен айналысатын 12 кәсіпкер бар. Олардың әрқайсысы​ 5-10 вагонға ақшасын төлеп қойған. Оның барлығын зерттеп көрдік, олар алып-сатарларға беріп тастаған. Көмір үшінші-төртінші қолға өтіп кеткен дейді Сексеуіл кентінің әкімі Сәкен Төрешов.

Әкім көмірдің жетіспеушілігі осыдан туындады дейді. Сол себепті жергілікті билік көмір өндеумен айналысатын кең орын басшылығына хат жолдапты. Апта соңына дейін Сексеуілге 12 вагон қатты отын келеді деп күтілуде.




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30