Ел жаңалықтары

Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

  • Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

    Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

Сарапшы халық табысының төмендеп кеткеніне баса назар аударды. Тұрғындардың басым бөлігінде үйді сатып алуға ақшасы да жоқ
Sputnik. Қазақстанда соңғы бір жылдың ішінде баспана күрт қымбаттап кеткен. Президентке есеп берген бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы жылжымайтын мүліктің біршама арзандағанын айтты. Дегенмен, Қазақстанның құрылысшылары одағы баспана бағасы тағы 30 процентке көтеріледі деп отыр. Ал Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы, керісінше, арзандайтынына сенімді.

Федерация одақпен неге келіспейді?
Жақында Қазақстан құрылысшылары одағының президенті Талғат Ерғалиев келесі жылы көктемде баспана бағасы күрт көтерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары 35-40 процентке, ал құрылыс материалдарының бағасы 60-90 проценке өсіп кеткен. Баспананың бір шаршы метрі болса, 15 процентке ғана көтеріліп отыр.

"Демек, ертең баға тағы өседі. Коммерциялық баспана салатын құрылысшылар бағаны бірден көтере алмайды. Оны біртіндеп өсіреді. Сөйтіп, 2022 жылдың көктеміне қарай баға 20-30 процентке артады деп отырамыз", - дейді Ерғалиев.
Ал Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов онымен келіспейді. Баспана бағасы, соның ішінде халықтың басым бөлігі алатын үйдің құны, керісінше, 10-15 процентке төмендейді. Оның да өзіндік себептері бар.

"Біздің болжамымыз бойынша баспана бағасы көтерілмейді. Бүгінде халықтың басым бөлігінде үйді сатып алуға ақшасы да жоқ. Ондай жағдайда бағаны тағы көтерудің қажеті қанша?", - деді Мүсірепов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшы халық табысының төмендеп кеткеніне баса назар аударды. Осының салдарынан сан алуан бағдарлам аясында үйді ипотекаға алған адамдар ай сайынғы төлемді жасай алмай, ақша жағынан қиналып қалуы мүмкін.

"Ал кредитті жабуға жағдай болмаса, үйді сатуға тура келеді. Сөйтіп, бір-екі жыл бұрын сатып алынған үйлердің біразы сатуға шығарылуы мүмкін. Бұның бәрі жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етеді, баспана бағасы төмендейді", - деп атап өтті Мүсірепов.

Сұраныс саябырсыды ма
Баспана бағасына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану науқаны да әсер етті. Біреулер бұрынғы ипотекасын жапса, енді біреулер тағы қарызға кірді.

"Негізі, бүгінде зейнетақы жинақтарын пайдалану науқаны басылып қалды. Демек, сұраныс төмендеді. Оған қоса, халықтың табысы азайып барады. Бұндай жағдайда баспана бағасының көтерілуі екіталай, керісінше, 15 процентке дейін төмендейтін шығар", - деді Мүсірепов.

Қазақстан риэлторлары одағының вице-президенті Елена Грива жылжымайтын мүлікті сатып алу келісімшарттарының азайғанын растап отыр. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда үйді сатып алатындардың саны күрт төмендеген жоқ.

"Иә, зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат бергеннен кейін үйді сатып алатындардың саны күрт көбейген. Ақпан, наурыз, сәуір, мамырда белсенділік жоғары болды. Содан кейін тынышталып қалды. Бірақ қаңтар айымен салыстырғанда маусымда да жақсы көрсеткіштер болды", - деді Грива бізге берген сұхбатында.
Осы орайда сарапшы ақшасы бар адамдардың не істеп жатқанын айтты.

"Қазір адамдар девальвациядан қорқады. Содан тапқан табысын ақшамен сақтауға үрейленеді. Сол себепті банктегі салымдарын шығарып, жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Мысалы, басқа аймақтарда тұратын адамдар Алматыға келіп, үй сатып алады да, жалға беріп қояды, я болмаса, өздері тұрады. Сондықтан осы адамдардың есебінен сұраныс сақтала береді", - дейді Грива.

Оның ойынша, алдағы уақытта баспана қымбаттамайды, жылжымайтын мүліктің арзандауы да екіталай.

"Қазір үйді сататындар қойған бағасын түсіріп отырған жоқ. Бірақ біз тағы бір жайтты байқадық. Сатушылар бағаны түсірмесе де, саудаласудан қашпайды. Кей кезде 20 процентке дейін түсіріп жатады. Бірақ көп жағдайда 5 проценттен аспайды. Сондықтан алдағы уақытта баспана арзандамаса да, саудаласудың арқасында бағаны түсіруге болады", - деп атап өтті Грива.




Көрілген: 776    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31