Ел жаңалықтары

Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

  • Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

    Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

Жылдық мөлшерлемесі 5 процентті құрайтын жеңілдетілген кредит әкімдік кезегінде тұрған қазақстандықтарға беріледі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "5-10-20" – "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несие беруді бастады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.

Биыл "Шаңырақ" пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Оның 90 миллиард Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қаржыға 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.

5%-тік кредит кімдерге беріледі

Жылдық мөлшерлемесі 5%-ке тең жеңілдетілген заем алу үшін азаматтар әкімдік кезегінде тұруы тиіс.

Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қарыз мөлшерінің кемінде 10%-ін құрайтын бастапқы жарна болуы қажет.

Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

"Шаңырақ" жобасы аясында жеңілдетілген кредит баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда әкімдік кезегінде тұрған қазақстандықтарға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішінде отбасының әр мүшесіне шаққанда табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы тиіс. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс шегі – 32 668 теңгеге тең.

Яғни, биыл отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері 101 271 теңгеден артық болмауы керек.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер тек жаңа салынған тұрғын үйлерден беріледі.

Бұл "5-10-20" бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған үйлер.

Әкімдіктер салған кредиттік тұрғын үйлерге 1 шаршы метр үшін келесі баға белгіленген:

  • 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында,
  • 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында,
  • 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда,
  • 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында,
  • басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Қанша өтінім түсті

17 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, банк бүкіл Қазақстан бойынша 21 039 өтініш қабылдады.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден астам 472 несиелік өтінім мақұлданды.

Әкімдікте кезекте тұрған азаматтардан өтінім тек hcsbk.kz сайты арқылы қабылданады.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31