Ел жаңалықтары

"Бассыздықпен тартып алса, қара халық қайда барады": Алматы облысында ауыл тұрғындары жолды жаппақ болып, әкімдік алдында шу шығарды

  • "Бассыздықпен тартып алса, қара халық қайда барады": Алматы облысында ауыл тұрғындары жолды жаппақ болып, әкімдік алдында шу шығарды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылының тұрғындары таң атпай жолды жабамыз деп шу шығарып, әкімдік алдына жиналды. Тұрғындардың айтуынша күні кеше қымбат көлік мінген белгісіз он шақты азамат елге тиесілі 240 гектар жайылым жерді сатып алғанбыз деп, баса-көктеп келіп қазығын қағып кеткен көрінеді. Онсыз да жайылымы аз халықтан жерін тартып алса, тұтас ел қайтіп көн көреміз деп даурыққан тұрғындар билік өкілдерінің араша түсуін сұрайды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Билік басындағылар көрсін, жылап отырған жанайқайын", "Президенттің (Н. Назарбаев) әлігі "екі сиыр алсаң жаныңды бағасың" деген сөзі қайда қалды", - деп шағымданды тұрғындар.

 

Несие рәсімдеп, сиыр сатып алған жұрт екі елі жерге мал жая алмай жүргендерін айтып налыды. Олар өздеріне тиесілі, үкімет бөліп берген 640 гектар жайылымның 240 гектарын басқа біреулер тартып ала ма деп қорқады.

"Біз түгілі, әкімдіктен аттап келген дөкейлер жалған құжат жасап алса да таң қалмаймыз", - деп отыр тұрғындар.

"Әр ауылда осындай жерлер бассыздықпен қолға алынатын болса мына қара халық қайда барады", - деді ауыл тұрғыны Жұмагелді Байқашұлы. 

"Ол жерге бүгін немесе ертең келсе де әкімшіліктің күші жетпейтін жағдай болып қалады. Себебі облыс көлемінен шешіліп берген жер болса", - деді зейнеткер ұстаз Асқар Сәрсенбайұлы.

Ауыл әкімдігіне ескертпей келіп, жайылымға қазығын қағып қойған белгісіз азаматтарды бірінші болып байқаған бақташы тұрғындарға хабар беріп, бәрі жиналып кел кезде жер иемденгендер көлігіне мініп, кетіп қалған. Ауыл жұрты жерді заңсыз иеленуді қалағанын сол сәтте байқағанын айтты.

7000 жуық тұрғыны бар Тескенсу ауылы жұртшылығының көбі мал шаруашылығымен жанын бағып, егін егіп келеді. Қысы-жазы сүт өнімдерін сатып күнелтетін жүрт әкімнің жер дауын өздерінен естігеніне таң қалды. Президент "әкімді халық сайласын" деген үкім шығарғаны рас болса, алыстан әкеп қоймай, өзімізге таңдау берсін дейді. 

"Заңға сәйкес қаржы бөлдіріп, мемлекеттік куәлік алуға құжаттарды дайындап жатырмыз. Халыққа айтарым, ешкім ол жерді рәсімдеп ала алмайды. Себебі, заң бар", - деді Тескенсу ауылының әкімі Бауыржан Башенұлы.

"Жер дауын жылда даулаймыз" деген жұрт сиыр жайылымға шықпаса күніне 2-3 бума шөп жеп, шығынға батырады дейді. 

Тескенсу ауылы тұрғындарының айтуынша, жерді заңсыз иелену бұғандейін де бірнеше рет қайталанған. Мәселен, былтыр иеленген жерге егін еккен, ал биыл алуды көздеген 240 гектар жерге қызыл мияның тамыры үшін қызығып отқан көрінеді. Ал ауыл әкімдігі қажетті құжаттардың бәрі бар екенін, ешкім заңсыз әрекет ете алмайтынын мәлімдеді. 

 
 

 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31