Бастығымен жанжалдасқан Тараз тұрғыны өзіне қол салмақ болды

10 наурыз 2021, 21:19

Таразда 29 жастағы тұрғын өзінің басшыларымен болған жанжал үшін өзін-өзі өлтірмек болды. Ер адам құрылысы аяқталмаған бес қабатты ғимараттың төбесіне шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Үмітсіз қадамға жұмыс орнында алған жарақаты үшін ақшалай өтемақы ала алмауы себеп болды, деп хабарлайды Алматы арнасы.

 
Алайда дабыл қоңырауына келген полиция аға лейтенанты Данияр Тазабеков өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Тәртіп сақшысы келіссөздер жүргізіп, бір сәтте жағдайды бақылауға алды.

«29 жастағы жас жігіт өзі жұмыс істейтін кәсіпорын басшысының үстінен шағымданды. Ол өзінің жұмыс орнында жарақат алғанын және оған әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтты. Біздің қызметкер әңгімесін жалғастыра отырып, оңтайлы сәтте оны ұстап қалды. Дәрігерлерді тексергеннен кейін полиция қызметкері жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізді», - деді облыстық полиция департаментінің ішкі және сыртқы байланыстар бөлімінің маманы Бегман Құмырзаев.