Ел жаңалықтары

«Бата беріп шығайын деп бас сұққан едім»: Марат Омаров Шымкенттегі тойға қатысты пікір білдірді

  • «Бата беріп шығайын деп бас сұққан едім»: Марат Омаров Шымкенттегі тойға қатысты пікір білдірді

    «Бата беріп шығайын деп бас сұққан едім»: Марат Омаров Шымкенттегі тойға қатысты пікір білдірді

Танымал әнші әрі композитор Марат Омаров әлеуметтік желіде тарап кеткен қызының ұзатуындағы видеожазбаларға қатысты жауап берді. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнер иесінің тойды ұйымдастырғанын мәлімдесе де, ол тойға бірер минутқа ғана кіріп шыққанын айтып отыр. Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне видеоны монтаж деп, тойдың ұйымдастырушысы өзі емес екенін айтты.

Композитордың айтуынша, той Шымкентте 10 сәуірде күндізгі уақытта өтті. Әнші анасының жылдық асынан кейін қызының өтінішін жерге қалдырмай, бата беру үшін барған.

"Тойды ұйымдастырған мен емес. Видеодағы қызым ғой. Мен бата бердім. Қазір өз отбасым бар. Қызымның анасымен ажырасып кеткенбіз. Оның да өз отбасы бар. Тойды ұйымдастырған Зүлфияның анасы, отбасы. Әкелік парызым деп, екі минутқа кіріп шықтым. Бата беру қанымызда бар. Ән де айтқан жоқпын, бата беріп, кіріп шықтым ", - деді Марат Омаров.

Сонымен бірге әнші мамандардың жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатқанын айтты.

Айта кетейік, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров үш рет үйленген. Зарина, Мәдина, Азамат Омаровтар алғашқы некеден дүниеге келген. Екінші некеден Зүлфия есімді қызы бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Марат Омаровтың Шымкент қаласында қызының ұзатуын өткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желілерде дүбірлі той кезіндегі видеолар жарияланып, елдің қызу талқысына түсті. Шымкенттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шу тудырған бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді. Ведомство мерекелік шараның ұйымдастырушысы Марат Омаров пен мейрамхана иесі екенін мәлімдеді. 




Көрілген: 1548    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 16:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31