Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

29 сәуір 2022, 14:33

Батыс Қазақстан облысында хабарсыз кеткен 17 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Бәйтерек ауданы Дариян ауылының тұрғыны, 17 жастағы Александр Голохвастов өткен жылдың тамызында Орал қаласына оқуға шығып кеткеннен үйіне оралмаған. 

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, қаладағы №12 колледжде білім алатын А.Голохвастов оқу орнына бірде барып, бірде бармай жүреді. Үйіне анда-санда хабарласады. Қалада көрген адамдар болғанымен, нақты жүрген жері белгісіз. Анасы Сырым ауданы Алғабас ауылында, әкесі мен әжесі Дариянда тұрады. 

"Анасы ұлын іздеп, соңғы кезде ғана полицияға жүгінген. Сондықтан іздеу жарияланды. Александрдың бойы 165-175 см, ішкі істер органдарында есепте тұрмайды. Бозбаланы көрген, қайда екенін білетін адамдар болса, 8(71134) 31-1-37, 31-1-45, 8-777-860-91-11, 8-771-181-10-10 телефондарына қоңырау шалулары сұралады", – деп хабарлады ведомстводан.