Ел жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында дауылды жел 5 ғимараттың шатырын жұлып кетті

  • Батыс Қазақстан облысында дауылды жел 5 ғимараттың шатырын жұлып кетті

    Батыс Қазақстан облысында дауылды жел 5 ғимараттың шатырын жұлып кетті

Батыс Қазақстан облысында қатты дауыл соғып, екі елдімекендегі бес ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Бір сәтте төбесі қақыраған нысандардың ішінде ауылдық балабақша мен мәдениет үйі де бар деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

 Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 26 метрге дейін жеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Он шақты жыл бұрын салынған ғимараттардың шатыры не себепті желге ұшқанын енді арнайы құрылған комиссия тексереді.

«Қазіргі таңда оқиға орнында жергілікті атқарушы органдармен комиссия құрылды. Комиссияның құрамына біздің төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері қатысады. Қаражат бөлу бойынша комиссияның отырысында шешілетін болады. Төлеуге жата ма, жатпай ма, сол уақытта шешіледі. Ол жергілікті комиссияның құрамымен шешіледі», - деді БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Ихсанов.




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 00:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30