Ел жаңалықтары

Батыс Қазақстанда жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

  • Батыс Қазақстанда жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

    Батыс Қазақстанда жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігінен жүргізушінің мәйіті табылды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода оқиға куәгері болған жайт туралы әңгімелеген.

"Көлік қозғалтқышы жұмыс істеп тұр, тоңазытқыш қосулы. Маштаковода, Қазақстан жағында тұр. Қазір полиция шақырылды", - дейді видео авторы.

Жүргізушінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Оқиға кеше (22 қаңтарда &ndash Sputnik) болды. 1964 жылы туған жүргізушінің мәйіті табылды, ол Алматы облысының тумасы", - деп хабарлады полиция.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ер адамның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.   

https://t.me/jexenews/6494




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28