Батыс Қазақстанда қымбат көліктер тиелген автотасығыш аударылып кетті

07 наурыз 2022, 09:03

Көз жұмған және зардап шеккен адамдар жоқ.

Батыс Қазақстан облысында қымбат көліктер тиелген тағы бір жүк көлігі аударылды.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 наурызда түнгі сағат 22:30-да Орал-Атырау тасжолында Көшім елді мекеніне жақын жерде DAF маркалы автотасығыш жолдан шығып, аударылып кеткен.

"Алты жеңіл көлік тиелген автотасығыш жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Сосын аударылған. Көз жұмған және зардап шеккен адамдар жоқ. Жүкке ғана зақым келген", - дейді полицейлер.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барды.

Айта кетері, 5 наурызда түнгі сағат 23:10-да Орал-Атырау тасжолы қатты көктайғаққа байланысты жабылған болатын. Полицейлер көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға үндеді. Бұған дейін дәл осы жолда DAF маркалы автотасығыш аударылған. Жеті көліктің бәрі суға құлады.

sputnik.kz