Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Батыс Қазақстанда сіріңкемен ойнап жүрген 7 жасар қыз күйіп қалды

08 тамыз 2022, 22:35

Батыс Қазақстан облысында сіріңкемен ойнап жүрген 7 жасар қыз күйіп қалды. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Департамент мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні сағат 13.00-де Теректі ауданы Долинный ауылында болған.

«Жеке үйдің ауласында сіріңкемен ойнап жүрген кезде 2015 жылғы қыздың киімдері жанып кетті. Оқиға салдарынан 2-3-дәрежелі термиялық күйік алған қыз Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. БҚО ТЖ департаменті отпен абай болу қажеттігін, әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін тұрғындардың есіне салады», - делінген хабарламада.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыздың денесінің 22 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.