Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Батыс Қазақстанда трактормен елсіз жерде қалып кеткен ер адам қаза тапты

15 наурыз 2023, 23:46

Батыс Қазақстанда трактормен елсіз жерде қалып кеткен екі ер адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шыңғырлау ауданында екі ер адам трактормен ауылдан шығып кеткен.  

Трактор Бөрлі ауданына жеткен кезде олардың бірі қаза тапты. 

Белгіленген аумаққа жету мүмкін болмағандықтан, марқұмның туыстары құтқарушыларға жүгінген.

"Біздің қызметкерлер арнайы техникамен жолда қалғандарға көмектесуге барды, аймаққа жету мүмкін болмады. Содан кейін тікұшақ тартылды. Ер адамның бірі ауруханаға жеткізіліп, марқұмның денесі полицияға тапсырылды", - деп хабарлады министрлік.

Полицейлер 1984 жылы туған ер адамның денесі сараптамаға жіберілгенін айтты.

"Адам өлімі фактісі бойынша іс тіркелді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.