Бауыржан Байбектің әуежайдағы видеосы тарады

10 маусым 2022, 11:43

Видеода ол әуежайдағы кедендік тексерістен өтіп жатқан. - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбекке ұқсайтын адамның видеосы пайда болды.

 

Желідегі пікірлерге сүйенсек, ол Біріккен Араб Әмірліктерінен Түркияның Стамбұл қаласына келген.

 

 

Бұған дейін сәуір айында Бауыржан Байбектің кіші қажалықта жүрген суреті тараған еді.

 

48 жастағы Бауыржан Байбек атауы Amanat болып ауысқан бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып, екі мәрте қызмет еткен.

 

Сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары да болған.