Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы @Elmedia Telegram-каналы жазды.
Ондағы мәліметке сүйенсек, сенімді дереккөз Бауыржан Байбектің сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған.
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Әзірге басқа ақпарат жоқ, делінген жазбада.
Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың маусым айы аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Ал оған дейін және одан кейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.