Бауыржан Оспанов малшыларын марапаттап, көлік мінгізді

06 маусым 2022, 22:38

Ол бірнеше малшысына көлік, ат мінгізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Белгілі мецанат Бауыржан Оспанов үздік малшыларын құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады.

 

Бауыржан Оспанов малшыларына жайлы жағдай жасап қана қоймай, оларды марапаттап, ынталандыра білетін кәсіпкер. Ол бұл жолы шаруасындағы қызмет етіп жүрген азаматтарға ат мінгізіп, авкөліктер сыйға тартты.

 

Ақшалай сыйақы алғандары да бар. Бейнежазбаны белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов өзінің Youtube-тегі арнасында жариялады. Ал видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

 

"Жарайсың бауырым, шыққан шығының еселеніп қайтсын өзіңізге", "Тек қана құрмет және құрмет! Бауыржандай азаматпен ертеректе араласқаныма қуаныштымын!", "Атасына рахмет! Бауыржан ағамыздай ағалар көп болсын", "Керемет! Алла қолдасын!"," Бауыржан ағама тек денсаулық тілеймін, осындай қазақ ағамның барына қуанамын", — деп жазды желі қолданушылары.