Ел жаңалықтары

Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған

  • Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған

    Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған

Байқоңыр қаласында жоғалып кеткен екі баланы іздеуге көмек сұрап желі арқылы ақша жинаушылар табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде Байқоңыр қаласында жоғалған балалардың ата-анасына қаржылай көмек керек деген желеумен жалған деректер арқылы ақша жинаушылар анықталды. 

 
"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын. 

Ал кеше екінші баланы іздеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы хабарланды. 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28