Ел жаңалықтары

Бекболат Тілеухан ақыры «арманына» жетті

  • Бекболат Тілеухан ақыры «арманына» жетті

    Бекболат Тілеухан ақыры «арманына» жетті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға вакцина  салу туралы ақпаратқа тағы бір құлақ түруді өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министр екпе салу жайлы facebook парақшасына жазба жариялап, еліміздегі екпенің міндетті емес екенін тағы бір мәрте ескертті.

Тағы бір мәрте екпе туралы шындыққа құлақ түрулеріңізді сұраймын!

1) Адамды вакцинациялау - жеке профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы кодекске және жаңа кодекстің жобасына сәйкес кез келген азаматқа сол адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімімен ғана салынады.

Кез келген адам (ата-ана) одан бас тартуға құқылы. Ол мәжбүрлейтін шара емес.

2) Оған қоса, халық арасында жаппай екпе жүргізу - бұл халықты эпидемиялық инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз әдісі. Сондықтан ол, кез келген мемлекет, халық үшін міндетті. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы.

3) Егер вакцинация міндетті емес болса, перзентханалар мен емханалардағы дәрігерлерге оны салу да міндетті болмайды. Ондай жағдайда бұл вакциналарды сатып алудың да қажеттілігі туындамайды. Жылына дүниеге келетін 4 млн-нан астам сәбиге мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызамық, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа инфекцияларға қарсы тегін екпе салынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Осы өркениетті елге тән қадам ба, вообще?» деп Бекболат Тілеухан екпе егу туралы бапқа наразылық білдірген болатын. 

 

 




Көрілген: 4621    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31