Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бекшин той-томалақтан бас тартуға шақырды

23 қазан 2020, 19:17

Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі &ndash жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі.

«Менің той ұйымдастырушыларына айтарым, Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы отбасыларына да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кеші тексеруші топтың талабы бойынша тоқтатылады. Сөйтіп, той иелерін қонақтардың алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.