Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бекшиннің қызметін кім атқаратыны белгілі болды

24 желтоқсан 2021, 17:27

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққанда оның қызметі Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктелді", - делінген хабарламада.

 

Бұған дейін Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болған еді.