Ел жаңалықтары

БЕЛЬГИЯДА ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

  • БЕЛЬГИЯДА ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

    БЕЛЬГИЯДА ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Таяу шығыс мәселелері бойынша сарапшы-маман, саясаттанушы, тарихшы, «EUobserver» интернет-басылымының бас редакторы Курт Дибофпен кездесті.

Әңгіме барысында ректор оқу орны тарихына тоқталып, ҚазҰУ-дың ұлы философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатын әлемдегі бірден-бір университет екенін атап өтті. «Бұл біз үшін ерекше мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Ұлы ойшыл заманынан бері 11 ғасыр өтсе де, Әл-Фараби ілімі бүгінгі қоғамда да мәні мен мағынасын жойған жоқ» дей келе, ректор ғұлама ғалымның еңбектерін жан-жақты зерттеу, талдау, кейінгі жастарға насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларды тілге тиек етті.

Университетте 1993 жылы құрылған Әл-Фараби орталығы фарабитану мен жалпы қазақстандық ғылымның дамуына қомақты үлес қосып келеді. Орталық жыл өткен сайын шетелдік зерттеу орталықтарымен байланысты нығайтып, Фараби мұраларын түпнұсқа – араб тілінен қазақ тіліне аударып, арнайы кітаптар шығаруда. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай әлем ғалымдарының қатысуымен конференциялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ университет басшысы ҚазҰУ базасында халықаралық фарабитанушылар орталығын құру жоспарланғанын хабарлап,өзара ынтымақтастыққа шақырды.

Философия докторы, белгілі тарихшы-арабтанушы Курт Дибов өз кезегінде Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерін бірлесіп зерттеуге үлкен ықылас танытты. Таяу Шығыстағы қақтығыстар тақырыбына көптеген мақалалар мен кітаптар арнаған сарапшы-маман Қазақстанның жетекші университетінің ғалымдарымен ынтымақтастыққа аса мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде тараптар Бельгияда Әл-Фараби орталығын ашу мен тиімді әріптестіктің маңызды сұрақтарын талқылап, алдағы нақты қадамдарды анықтады. Универсиет басшысы сөз соңында шетелдік қонақтың зерттеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

ҚазҰУ-ға сапары аясында Курт Дибоф Әл-Фараби мұражайы мен кітапханасының сирек кітаптар қорын аралап, университет кампусымен танысты. Сонымен қатар Әл-Фараби орталығында Қазақстанның жетекші фарабитанушылары және философтарымен жүздесті.

Басқосуға философия және саясаттану факультетінің деканы, Әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Мейірбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының профессоры Наталья Сейтахметова мен ғылыми қызметкері Ғалия Құрманғалиева, ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева сынды белгілі ғалымдар қатысты. Мамандар отандық фарабитану саласының жоғары жетістіктерімен бөлісіп, болашақтағы міндеттер жайлы кеңінен сөз қозғады.




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 15:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31