Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Белгілі жазушы Табыл Құлыяс өмірден озды

18 ақпан 2022, 11:17

Жазушы, сатирик, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлыяс 87 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

 
Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жазушы, сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлияс ағамыз дүниеден өтті.

Алдынан жарылқасын.

Табыл Құлыяс - 1935 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қаракөл» кеңшарында туған. 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітірген. 1950 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде мақала, өлеңдері шығып тұрды. 1957 жылдан Ойыл аудандық «Еңбек туы», «Жаршы» газеттерінде аймақтық, республикалық басылымдар да очерктері жариялана бастады. «Көкшетау правдасы», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеген. 1970 жылы республикалық теле-радионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевидениесінің насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Тұңғыш сатиралық кітабы «Кесілген бұрым» 1977 жылы жарық көрді. «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкі-грамма», «Жалмауыз», «Құйын», «Ақмылтық» (екі том), «Жегі» сатиралық кітаптары, «Шемен шер», «Дүние дәурен», «Ізет» сияқты очерктері, Жиенғали Тілепбергенов туралы «Аңыз ізімен» романы шықты . ЛКЖО-ның Құрмет грамотасымен, «Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Б. Қыдырбекүлы атындағы сыйлықтыңлауреаты, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», – деді ол.