Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Белгілі музыкатанушы, ғалым Жарқын Шәкәрім өмірден өтті

16 сәуір 2019, 10:13

71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым Жарқын Шәкәрім өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым ағамыз Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқының рухани кемелденуіне үлес қосып, музыка өнерінің халықтық мүддеге сай өркен жаюына еңбек еткен, белгілі күйші, музыкатанушы, әміретанушы, қоғам қайраткері Жарқын ағамыздан айырылып қалдық. Осыған байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өмір бойы туған халқына, оның рухани саласына қалтқысыз қызмет еткен жомарт жүректі жақсы адамның бұл қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті. Біздің бір көңілге медет ететініміз, Жарқын ағаның артында өлмейтұғын мұрасы қалды. Ардақты ағамыз шынында да бәріміз жақсы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қалпымен, ақжарқын да жайдары мінезімен жанымызға жақын болды. Нұры пейіште шалқысын. Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды...», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.