Белгісіз біреулер 28 Панфиловшылар саябағындағы шойын тақтайшаларды ұрлап кеткен

05 наурыз 2022, 14:09

Алматыда 28 Гвариядияшыл-Панфиловшылар атындағы саябағындағы сарбаздар есімі жазылған 15 тақтайша бүлінген. Сонымен қатар саябақ орталығындағы триптихтегі бірнеше әріп жоғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Саябаққа кірер тұста бірнеше әріп жоғалып кеткен. Сонымен қатар мәрмәр тақта сынған. Бұзақылар Мәңгілік алау маңындағы орталық мемориалдағы әріптерді де бүлдірген. 

Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 188 "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

"Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген полицейлер хабарламасында.