Ел жаңалықтары

Белсенділер боксшы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арызданбақ

  • Белсенділер боксшы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арызданбақ

    Белсенділер боксшы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арызданбақ

Сайлау күні митингіде болған қақтығыстан кейін белсенділер қазақстандық боксшы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"25 қаңтарда сағат 10.00-де заңгер Ерлан Қалиевпен бірге Алматы полиция департаментіне Ермахан Ибраимовке арыз беруге барамыз", - деп жазды Facebook-те "Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топтың белсендісі Әйгерім Тілеужан.

 
Бұған дейін бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың Алматыдағы белсенділер өткізген митингке барғанын және сол жерде жанжалды жағдай туындағанын мойындағаны хабарланған.

Еске салайық, 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау күні Ибраимов Алматыдағы наразылық білдірушілерге қарсы агрессивті әрекетімен көзге түсті. Ибраимов қауіпсіздік күштерінің қоршауын бұзуға тырысқан. Белсенділер оның бұл ісін қорқыту әрекеті деп санайды.

Интернетте Ибраимовтың наразылық білдірушілердің плакаттарын жыртып тастағаны түсірілген видео кадрлар тарап кетті.

Қауіпсіздік күштерінің қоршауында қалған белсенділер "Ермахан, кет!" деп айқайлады, содан кейін боксшы оқиға орнынан кетіп қалды.




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28