Бетпердесіз суретке түскен семейлік шенеуніктер айыппұл арқалауы мүмкін
Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтық сақтамай түскен суретіне қатысты ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді, деп хабарлады arnapress.kz. 
Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған. Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған. Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.
"Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы, 1 бөлімі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", &ndash деп хабардар етті департаменттен.
Сонымен бірге мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.