Ел жаңалықтары

Бейне байланыс арқылы балаларымен қауышты

  • Бейне байланыс арқылы балаларымен қауышты

    Бейне байланыс арқылы балаларымен қауышты

1 маусым күні бүкіл әлемде балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Балаларды қорғау күні - олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Бұл күні бүлдіршіндерді қорғау шаралары ғана емес, олардың көңіл-күйлерін көтеретін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сондықтан, балақайлар бұл күнді асыға күтеді.

Ата-анасының тосын сыйы, аға-әпкесі тарту еткен түрлі тәттілер олардың жанарында от ойнатып, көңілдеріне қуаныш сыйлайды. Ал әкелерін көптен көрмеген балалар бұл күні асқар тауымен қауышып жатса, ол бақытты сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес шығар...


Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде
жазасын өтеп жатқан азаматтар жаздың бірінші күнімен бірге келіп жеткен
халықаралық балалар күні мерекесінде өз балаларымен онлайн байланыс арқылы табысып, сағыныштарын басуға мүмкіндік алды. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен бейне байланыс сеансында сотталған азаматтар бала-шағасымен қауышып, мерекесімен құттықтады.


Әбдіғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жумысын жүргізу бөлімінің бастығы аділет капитаны 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31