Биржадағы сауда-саттық: Доллар 495 теңгеге жетті

28 ақпан 2022, 16:25

28 ақпан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгені құрап, бірден 28,34 теңгеге өсті, деп хабарлайды KASE. 

Басқа валюталар бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінің көпшілігі әлі де валюта саудасын жандандырмаған.

Сауда-саттық жасап жатқан айырбастау пункттерінде долларларды 490-496 теңгеден, еуроны – 535-557 теңгеден сатып/сатып алып жатыр.

 ulysmedia.kz