Биыл Алматыда екі жолайрық құрылысын аяқтаймыз - Сағынтаев

20 қаңтар 2022, 13:15

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мегаполис әкімінің айтуынша, 2022 жылы алматылықтар екі жаңа жолайрықпен жүретін болады. Қазіргі уақытта олардың құрылысы жалғасып жатыр.

"Биылғы жылы Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жолайырық жұмыстары аяқталады. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында қозғалыс ашылады. Әуезов көшесін тесу жұмыстары аяқталады, Сайн көшесін ұзарту жалғасады, сонымен қатар Төле би көшесін ұзарту жұмыстары басталады. 100 шақырым жаңа жол салынады. Орташа жөндеу жұмыстары 224 көшеде, соның ішінде Әл-Фараби, Розыбакиев көшелерінде жүргізіледі", - деді ол.
 
Сағынтаев өткен жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайырықтар салынып, Абай мен Алатау даңғылдары ұзартылғанын еске салды. Сонымен қатар, Таусамалы шағын ауданындағы Қонаев көшесінің құрылысы аяқталды.