Биыл елімізде 4 балалар үйі жабылды

31 желтоқсан 2022, 01:02

Елімізде 4 балалар үйі жабылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 
Елде жыл санап балалар үйінің саны азайып келеді. Мәселен, 2013 жылмен салыстырғанда аталмыш ұйымдардың саны 10 есеге қысқарған. Биыл жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған 4 ұйым жабылды.

Қазір елде жалпы саны 89 балалар үйі жұмыс істеп тұр.

 «Елімізде балалар үйінің саны соңғы 9 жылда 10 есеге азайды. Қазір балалар үйі мен оларды қолдау орталықтарында бірқатар жұмыс қолға алынды. Яғни аталмыш ұйымдардағы тәрбиеленуші әрбір бала ештеңеден қысылмай өмір сүруі керек. Бұл тұрғыда «өз үйіңдей сезіну» арнайы жобасы жүзеге асырылып жатыр», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.