Ел жаңалықтары

Биыл елімізде төтенше және шұғыл жағдайлар үшін 36 млрд теңге қарастырылған

  • Биыл елімізде төтенше және шұғыл жағдайлар үшін 36 млрд теңге қарастырылған

    Биыл елімізде төтенше және шұғыл жағдайлар үшін 36 млрд теңге қарастырылған

2021 жылы Қазақстанда төтенше және шұғыл жағдайлардың алдын алу мен оны жою үшін 36 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды. Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының жиынтық жасағы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді. Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды. Биыл төтенше және шұғыл жағдай резерві үшін әкімдіктерде 36 млрд теңге қарастырылған", - деді Рустамбек Әмрин ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

 
Департамент басшысының сөзіне сенсек, қазіргі уақытта Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында су тасқынының алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 

"Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды", - дейді ол. 




Көрілген: 127    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 15:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31