Ел жаңалықтары

Биыл қазақстандық түлектердің 82% -ы ҰБТ тапсырады

  • Биыл қазақстандық түлектердің 82% -ы ҰБТ тапсырады

    Биыл қазақстандық түлектердің 82% -ы ҰБТ тапсырады

Биыл ҰБТ-ға қатысуға 130 мың адам ниет білдірген, оның ішінде 20 454-і колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өтініш берудің жаңа форматы ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілердің санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

 

"82% - рекорд орнаттық! Биылғы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген мектеп бітірушілердің көрсеткіші осындай. Жыл сайынғы 70%-дық көрсеткіштен асып түстік. Онлайн форматтың артықшылықтары көп, ең бастысы, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріп отыр. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мектеп әкімшілігі тарапынан білім деңгейі төмен оқушылардың тестілеуді тапсыру мүмкіндігін шектеу фактілері орын алған. Енді бұл мәселеге шешіліп, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріліп отыр", – деді Д. Смағұлов.

Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды. ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. 

 

 




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 23:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31