Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Биыл күзде бірінші сыныптар қалай мектепке барады: Білім бөлімінің басшысы жауап берді

20 шілде 2020, 12:20

Елордалық білім бөлімінің бастығы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында бастауыштағы кезекші сыныптардың қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет қаулысымен күзде Қазақстанның мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматында оқитын болады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша мектепке бара алады. 

 

"Оқу барысында бала саны аз кіші топтар құрылып, бірнеше ауысым қарастырылады. Біз топтардағы балалар саны 10-15 адамнан аспайды деп жоспарлап отырмыз. Сабақтар әр сынып үшін бөлек бөлмеде өтеді. Оның үстіне кейбір пәндер қашықтықтан оқытылатын болады", - деді елордалық білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, әр оқушы таңертең дене температурасын тексеруден өтеді. Мектептер жылу түсіргіштермен, дезинфекциялық төсеніштермен және барлық қажетті дезинфекциялық құралдармен жабдықталады.

Ата-аналар балаларымен бірге мектепке бара алады, бірақ олар ғимаратқа кіре алмайды. Оқушылардан қолдарын санитарлық тазарту және қорғаныс маскаларын кию талап етіледі.

Білім беруді басқару жүйесі 2021 жылдан бастап өзгереді. Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті шамамен 202 000 құрайды (өткен оқу жылы - 182 279).

Бірінші сыныптарға 27000 астам оқушыны қабылдау жоспарланған. Құжаттар Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн және қағаз түрінде қабылданады.