Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Биыл тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 270 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

25 желтоқсан 2022, 10:39

Биыл тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 270 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы депутаттың сауалына берген жауабында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық ішкі істер органдары жедел профилактикалық шараларды жүргізе отырып, ішкі көші-қонға бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстарды атқарып жатыр.

2022 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін жалпы ел бойынша 272,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, шын мәнінде тұрмайтын адамдарды тіркеген және тиісті тіркеусіз тұруға рұқсат берген 2,9 мың тұрғын үй иесі анықталды.

Сонымен қатар ол шетел азаматтарын көші-қон заңнамасына сай тіркеу мәселесіне тоқталды.

«Учаске» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында шетел азаматтары тұрып жатқан жерлер текерілген.

Айта кетейік, жыл сайын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және қайта тіркеу үдерісінен шамамен 2 млн адам өтеді.