БҚО әкімдігі ресейлік туристер ағыны туралы айтты

14 наурыз 2022, 19:28

What ‘ sApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат таратылуда. Автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаттары белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екендігі айтылады. Бұл олай емес. Бұл туралы stopfake.kz мәлімдеді- деп  жазады Alashainasy.kz тілшісі .

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарды.

 

– Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункттері тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлғалар шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.