Ел жаңалықтары

БҚО-да 16 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш баланы өрттен алып шықты

  • БҚО-да 16 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш баланы өрттен алып шықты

    БҚО-да 16 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш баланы өрттен алып шықты

БҚО-да 16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 27  қазанда сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. 

"Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған  үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда улы газдың уланған үй иесі есін жимастан, ауруханада көз жұмды. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңлісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып,  сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Ведомство мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30