БҚО-да жолаушылар автобуы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

09 маусым 2022, 00:33

БҚО-да жолаушылар автобуы мен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
8 маусым күні сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесінде № 7 маршруттық автобустың және "Лада Калина" маркалы жеңіл автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Апат салдарынан 2004 жылы туған жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу басталды», - делінген БҚО Полиция департаментінің хабарламасында.