Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

БҚО-да мемлекеттік бағдарламаға бөлінген бюджет ақшасын ұрлаған кәсіпорын директоры ұсталды

18 қараша 2020, 11:10

Қаржы мониторинг комитетінің БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы, 245-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен өңірдегі кәсіпорын директорларының бірін ұстады.

Ол мемлекеттік сатып алуға қатысушы ретінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 миллион теңгеден астам сомада бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Одан бөлек, күдікті 2017-2018 жылдары 1,5 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.