БҚО-да орман шаруашылығы инспекторының қазасы: Полиция бір күдіктіні ұстады

15 желтоқсан 2021, 18:14

Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Серік Мәженовтің Бударин қорығындағы өліміне қатысты іс бойынша бір адам ұсталды, деп мәлімдеді полиция. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Оқиғаның тағы бір қатысушысы іске куәгер ретінде қатысуда, себебі ол оқ атпаған.

"Күдікті – жалғыз. Тергеу әрқайсысының рөлін анықтап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерулер мен тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаменті.

Әзірге полицейлер бөлім бастығының өліміне әкеп соқтырған оқ аңшылық кезінде болған деген болжамды ұстануда, өйткені орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы оқиғаның басқа себебін айта алмай отыр.

Инспекция қызметкерлерінің өзі марқұмның қорықта аңшылықпен айналысып жүргенін емес, браконьерлерді қарауылдап барғанын алға тартады.

"Біз аңшылық жасады дегенге сенбейміз, ол браконьерлердің жолына тосқауыл болған. Оның жанында қызметтік қаруы болған", - деді Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев.

Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 14 желтоқсан күні Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде Бударин қорығында болған. Полицейлер Серік Мәженовтің аң аулап жүріп абайсызда оққа ұшқанын айтқан. Экология министрлігі оқиғаның қаруды абайсыз ұстау салдарынан болғаны туралы ақпарат таратқан.